Сайт мәзірлері
Мақалалар
Сауалнама

Қай елді мекеннен боласыз?
Құлсары
Жаңа Қаратон
Шоқпартоғай
Тұрғызба
Қосшағыл
Жаңа Таң
Атырау
басқасы
ONLINE ҚҰРАН
  


0
 «Ислам - терроризмге қарсы дін»

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылында "Қапан қажы "мешітінің жамағаты жəне ауыл тұрғындарымен «Ислам - терроризмге қарсы дін» тақырыбында кездесу өтті.
Аталмыш шараға, Жылой ауданлық Дін істері басқармасы,Ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы Есқайыров Асыланбек Таңатұлы мен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек

Көзді ашып жұмғанша 12 айдың ішіндегі ең қасиеттісі Рамазан айы да келіп қалды. Бұл айда күннің аптапты ыстығына, жұмыстың қаптауына қарамастан күллі мұсылмандар ауыз бекітіп Алланың алдындағы парызын өтеуге кіріседі. Жаратушы Иеміз бір істі құлдарына парыз етсе онда ол нәрседе пенде үшін екі дүниеде де пайда болатыны сөзсіз. Исламның бес тірегінің бірі ораза да солай. Оның қасиеттері, шарапаты туралы, сондай-ақ ауыз бекітушінің шексіз сауаптарға кенелетіні жайлы Құран аяттары мен пайғамбар (с.ғ.с) хадистерінен оқып, имамдар ауыздарынан естіп жүрміз. Бұл – оразаның адамға әкелетін рухани пайдасы. Бірақ, бұл мақалада біз ауыз бекітудің рухани емес адам денсаулығына әкелетін дүниелік пайдасы туралы әңгіме қозғағанды жөн көріп отырмыз.



Оразаның пайдасы

Авторы: Имамкатегориясы: Уағыздаруақыты: 27-06-2014, 00:31
Ауыз бекітіп ораза ұстаудың сауап тұрғысынан да, денсаулық тұрғысынан да пайдасы зор. Айталық, ораза ем ретінде ішек ауруларына, іш қатуға қарсы қолданылады. Оразаның медициналық емдігінің қатарында кейбір тері ауруларының жақсаруы, асқазан мен ішек жұмысына тоқтау салып олардың белгілі бір уақыт аралығында тынығуы қамтамасыз етіледі. Ораза адамның ішкі мүшелеріне жиналатын майларды ерітіп, метоболизмді жандандырады. Бүйрек, бауыр, қуық, сусамыр (қант диабеті), жүрек пен тамыр ауруларына қарсы төзімділікті арттырады. Ол үшін сәресі мен ауыз ашар уақыттарда тым көп ас жемеу керек. Оразаның пайдасы туралы Алекс Каррел былай дейді:



Ораза және денсаулық

Авторы: Имамкатегориясы: Уағыздаруақыты: 27-06-2014, 00:30
Адам өмірінің ұзын яки қысқа болуы оның тағдыр талайына байланысты. Аллаһ тағаланың маңдай жазуын ешкім өзгерте алмайды. Алайда тағдырдың себеп пен себепкерге де қатыстылығы болады. Яғни тағдыр үкімі бір жағы себепке, бір жағы нәтижеге байланысты белгіленеді. (Алайда бұл белгілену де Аллаһтың қалауы негізінде жүзеге асады. Аллаһтың қалауы себептерге тәуелді емес). Аллаһ тағала өзінің «Хаким» есіміне лайық мына бес күндік жалғанда көптеген бұлжымайтын табиғи заңдылықтар мен себептер жаратқан. Бұл дүниеге ғана тән ол заңдылықтар мен себеп атаулы ана дүниеде, ақыретте жойылады. Осыны тілге тиек ете отырып Құран «Фатыр» сүресінің 43-аятында: «Сен Аллаһ жүйесінде өзгеріс я болмаса ауытқушылық кездестіре алмайсың» десе, іле «Ахзаб» сүресінің 62-аятында: «Аллаһтың бұрынғы өткендерге жүйесі осы. Аллаһтың жүйесінен әсте ауыс-күйіс кездестіре алмайсың», - деп шегелеп атап өтеді. Барша пайғамбарларға тән мұғжизалар бір жағы олардың пайғамбарлықтарының дәлелі, бір жағы себептерді жаратушы Аллаһ тағала екенін көрсету мақсатында іске асқан.


.

1.Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?

Рамазан айында сәресіне тұрмаған кісі сол күнгі оразасына ниет етіп, ештеңе жеместен ауыз бекітеді. Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у) «ашура күні»[1] жаршыға былай жария етуді бұйырды: «Кім бір нәрсе жеп қойған болса, аузын күннің соңына дейін берік етіп тәмәмдасын. Ал ештеме жемеген адам, сол күйінше жемесін (ораза ұстасын)!»[2]. Бұл хадистен түсінетіміз, ораза кезінде сәресіге тұрмай таң атырған кісі де сол күнгі оразасын ұстайды.



Сәлеметсіздер ме! Биыл алғаш рет ораза ұстауға шешім қабылдадым. Толық ережесін және шарттарын жарияласаңыздар! Құрметпен, Назым.
Сәлеметсіз бе! Қадірменді Назым, Рамазан оразасы – Исламдағы бес парыздың біреуі. Оған Құран мен сүннет дәлел. Құранда Аллаһ Тағала былай дейді: «Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді»[1].

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ислам бес нәрседен тұрады: Аллаһтан басқа құдай жоқ екеніне, Мұхаммедтің Аллаһтың құлы және Елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шамасы келгендерге қажылыққа бару[2].




Қысылтаяң шақтарда Жаратқанға жалбарынып, тәуекел ету нағыз мұсылмандықтың белгісі. «Ер жолдасы – тәуекел» деп Тәңірге шынайы тәуекел етуді тіршіліктің басты негізі етіп алған ата-бабаларымыз хақиқи иманның үлгісін көрсетті. Тіршілікте Алла Тағаланың қолдауына үміт артып, «нар тәуекел» деп білекті сыбана әрекет ету қазаққа тән қажырлылық қасиеті. Содан болар ел аузында мынадай ұлағатты сөздер кең тараған. «Уайым түбі − тұңғиық, батасың да кетесің, тәуекел түбі − жел қайық, мінесің де өтесің». «Тәуекелсіз іс бітпейді, тәуекел етпеген арықтан өтпейді». «Ер жолдасы – тәуекел». «Тәуекелшіл тау жығар».



0
Алматыдағы уағыз (видео)

Алматыдағы уағыз

Адам баласына өзіне жақсылық һәм қамқорлық жасағанды жақсы көру қасиеті тән. Ал адамға Аллаһтан кейін ата-анадан басқа кім үлкен жақсылықпен қамқорлық жасай алады?!

Ұлы Аллаһ Өз хақы мен ата-ана хақыларын бір аятта атап өтеді. Және бізге Өзі мен ата-аналарымызға шүкіршілік етуімізді де осылайша бір аятта бұйырады. «Ниса» сүресінде Ұлы Жаратушымыз бізге Өзіне ғана құлшылық етуді бұйырып, содан кейін ата-анаға жақсылық жасау қажеттігін «Аллаһқа құлшылық етіңдер де, оған серік қоспаңдар. Сондай-ақ, әке-шешеге жақсылық қылыңдар» деген аят арқылы еске салады.



Қасиетті Құранның ардақты елші, Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.)-ға Жәбірейіл періште арқылы түсірілген алғашқы аятының «Оқы,Раббыңның атымен оқы..,»-деп басталатыны баршамызға белгілі.Түсінген адамға бұның мағынасы ора- сан зор.Бұдан өзге көптеген аяттарда да Аллаһ Тағала мұсылман атаулыны білімді болуға бұйырады.Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да «Бесіктен қабірге дейін ілім ізде»-деп, Ислам дініндегі пайдалы білім алудың орнын шегелеп тұрып бекітеді.Ал, Қазақ халқының «білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»- деген мақалы да тектен-текке айтылмаса керек-ті. Наурыз айының аяғын ала, Атырау өңіріне жуырда арнайы шақ-ыртылып, алғаш рет аяқ басқан әйгілі әл-Азхар университетінің шейхы, Мухаммад Жамалуддин Хашимнің Атырау қаласына қарасты имамдарына арналған дәрістері басталды. Дәріс аптасына екі рет болады. Негізінен, шейх Мұхаммад Жамауддин Хашимнің дәрістері кешкілік орталық «Иманғали» мешітінде жүргізілуде.Қатынаса- мын деушілерге толық мүмкіндік бар. Себебі, Ислам шариғаты бойынша білім алу ер мен әйелге бірдей парыз болып саналады. Оның үстіне Пайғамбар (с.ғ.с.) - ның мирасқорлары, бұқара халықты тура жолға шақырушы имамдардың сауатылығын арттыруы да бір күн күттірмес өзекті мәселе екені анық.



Кері Алға