народные рецепты.dle шаблоны.форум раздач


Сайт мәзірлері
Мақалалар
Сауалнама

Қай елді мекеннен боласыз?
Құлсары
Жаңа Қаратон
Шоқпартоғай
Тұрғызба
Қосшағыл
Жаңа Таң
Атырау
басқасы
ONLINE ҚҰРАН
  


Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің мүбәрак хадисінде: «Ережеп - Алланың айы, шағбан - менің айым, рамазан - үмметімнің айы»-деген. Қасиетті Ережеп айы есігін ашты. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің биылғы жылы қайырымдылық шарасын әр өңірде ұйымдастырылып, өткізілуіне үлкен көңіл бөлуде.




Тасаттық берілді

Авторы: Имамкатегориясы: Жаңалықтаруақыты: 22-06-2014, 23:38
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылдық әкімшілігінің қолдауымен аузы дуалы ақсақалдардың және «Қапан қажы» мешітінің имамы Жамбыл Ыбыраштың қатысуымен Жем өзенінің бойына шығып, Аллаға жалбарынып, тасаттық берілді.



Атырау облысы Жылой ауданы Жаңа-Қаратон поселкесі «Нұрқас-Сатыбалды» мешітінің жамағаты Мүбарак түн Ражаб айының алғашқы жұма түні, Рағаиб түнінде құлшылық жасады. «Нұрқас-сатыбалды»мешітінің имамы Жалғас Рейимов ражаб айындағы ғибадаттардың ізгілігін түсіндірді,бұл түні жасаған дұға кері

Сәуірдің шуақты күні Шоқпартоғай ауылдық әкімі Е.Елеусінов пен «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш және мешіт жамағатының ұйымдастыруымен «Жеңіс бағында» сенбілік жұмыстары өтті.






Жуырда Жылыой ауданындағы орталық мешітке ауданымыздың спорт саласындағы ардагерлері арнайы келіп игі шара өткізді. Олар құдай үйінің ауасы таза болып тұрсын деген ниетпен, ауа жаңартқыш аппаратын сыйға тартты. Аудандық мешіттің бас имамы Арман Исаев спорт ардагерлеріне алғысын білдіріп, имандылық туралы уағызын айтып берді. Спорт ардагерлері, Ембі ауданы баскетбол құрама командасының бапкері Жақсылық Бисенов, Еркін күрестен спорт шебері, бапкер Амангелді

«Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Д.Ыбыраштың ұйымдастыруымен құрылған арнайы үгіт-насихат тобы «Ислам және қоғам» тақырыбында мешіт жамағаттарымен кездесу өткізді.
Үгіт-насихат тобының құрамында Қара-Арна ауылдық округі АНТ, с/о әкімі Е.Елеусінов, «Қапан-қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш, Ш.Оңгарбаева-№3 мектеп мұғалімі, Бас маман С.Ідірбай болды.



Бүгін Жылыой ауданы, Тұрғызба ауылындағы 4-ші мектепте “Жат ағымнан сақ болайық, жасөспірім!“ тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге мектеп директоры Н.Өтешова, ауыл әкімшілігінің бас маманы Досқалиев Исламғали, ауыл учаскелік инспекторы Ы.Райымбеков, дінтану пәні мұғалімі Н.Табылғанова, кітапханашы С.Қабдірахманова, ауыл мешіт имамы Қожанапес Ғанибек және мектеп мұғалімдері мен 9-10 сынып оқушылары қатысты. Кездесу мақсаты қазіргі таңда ел арасына іріткі салып, айрандай ұйып жатқан халқымыздың бірлігін бұзу әрекеттерін жасап жүрген жат ағымдардың алдын алып, жастарға дәстүрлі дінімізді насихаттау. Кездесу барысында әкімшілік маманы И.Досқалиев ауылдағы діни ахуалдың

Жылой ауданы Жаңа-Қаратон поселкесі «Нұрқас-Сатыбалды» мешітінің имамы Рейимов Жалғас «Ырыс алды-ынтымақ» деген қағиданы ұстана отырып, жамағат арасында ынтымақ, бірлікті, татулықты күшейту мақсатында, аптаның әр сенбі күндері «Нұрқас-Сатыбалды» мешітінде жамағат басын дастарханда қосып, кездесіп тұруды ұйғарып келеді. Кездесуде мешіт имамы уағыз насихат жүргізіп, викториналық сұрақ-

«Құранды 3 күнде оқып үйренудің жаңа әдісі табылды» тақырыбында «Ислам және өркениет» газетінде №5/323 2014 жылғы санында мақала жарық көрген болатын. Алматы қаласындағы «Таугүл-3» мешіті де осы Құранды тез үйрену әдісі арқылы оқытуды қолға алған. Дәріс алғандар алғашқы аптасында Құранды оқып үйренеді, екінші аптасында тәжуитті менгеріп шығады, егер алғыр болса, яғни қабылдау қабілеті мықты адам ең азы үш күнде Құранды оқи алатын болады.



Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласының №7 Халықов, №18 Сатыбалдиев атындағы орта мектептерде "Дін және мемлекет" тақырыбында оқушы, ұстаздар және қала тұрғындарымен көлемді семинар өткізілді. Ондағы мақсат жергілікті жастар мен жалпы тұрғындарды діни сауаттандыру, қоғамның рухани құндылықтарын дамытуға, қазақстандық патриотизмді нығайтуға және діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған еді. Отырыстың алғаш шымылдығын Құлсары ауданының әкім орынбасары Нұраддин Жұмашұлы ашып жүргізіп, қазіргі таңдағы өзекті діни мәселелерге тоқталып өтті.