народные рецепты.dle шаблоны.форум раздач


Сайт мәзірлері
Мақалалар
Сауалнама

Қай елді мекеннен боласыз?
Құлсары
Жаңа Қаратон
Шоқпартоғай
Тұрғызба
Қосшағыл
Жаңа Таң
Атырау
басқасы
ONLINE ҚҰРАН
  


Он сегіз мың ғаламның Жаратушысына сыйынатын әрбір адам жақсылық жасауға асығады. Себебі, ізгі іс жасау адамның бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі болып саналады. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у)-ның: «Әрбір игі іс – садақа», – деп айтқаны белгілі.


3 сәуір күні Атырау облысы Жылыой ауданы «Жылыой мұсылмандар" орталық мешітінің найб имамы, әрі осы аудан бойынша жастармен жұмыс бөліміне жауапты Ясин Серіктің ұйымдастыруымен Құлсары қаласындағы №6-шы кітапханасында «Дін және жастар» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Кездесуге Жылыой аудандық ішкі саясат бөлім маманы Л.Қарасаева, аудан мешітінің имамы Арман Исаев,

Жылой ауданы, Тұрғызба ауылында осындай атпен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен діни ахуалды қадағалау, діни ақпараттық түсінік беру жұмыстарын жүргізу бағытында 11-ші Тұрғызба селолық кітапханасында ''Дін -дүние діңгегі'' тақырыбында кітап көрмесі өтті. Көрмені өткізудегі мақсат - жастарға діни мағлұмат беру, барлық мұсылмандар бір Алланың құлы, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үмметі екенін түсіндіру арқылы оларды имандылыққа, адалдыққа, ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу. Көрмеге ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары және мешіт имамы қатысты. Көрмеге

Жуырда Жылыой ауданы, Майкөмген ауылы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ізгілік бастауы- Исламда» атты кездесу болып өтті. Кездесуге Жылыой ауданының имамы А.Исаев, жедел уәкіл Ж.Камиев, ауыл ақсақалдар төрағасы Ү. Абдрахманов сондай-ақ, кітапхана оқырмандары және мектеп оқушылары қатысты.



Жылыой аудандық мамандандырылған күзет бөлімінің ұйымдастыруымен «суицид және одан құтылу жолдары» атты кездесу болып өтті. Кездесуге Жылыой орталық мешітінің имамы А.Исаев қатысты.
Шариғат өзін-өзі өлтіруге қатаң тыйым салады. Алла тағала қасиетті Құранда былай дейді: «Өз-өздеріңді өлтірмеңдер. Расында, Аллаһ сендерге ерекше мейірімді»(«Ниса» сүресі, 29-аят). Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім өзін темірмен жарып өлтірсе, темір ішіне қадалған күйі тозаққа кіреді. Ал кім у ішіп өлсе, жаһәннамда мәңгі сол уды ішеді, кім жардан өзін тастап жан тапсырса, тозақтың түбіне мәңгілікке тасталады»,– дейді. Ал, сахаба Жүндәб ибн Абдуллаһ (р.а.) риуаят еткен хадисте:




Имандылық ауылда

Авторы: Имамкатегориясы: Жаңалықтаруақыты: 22-06-2014, 23:09
Жылой ауданы Тұрғызба ауыл мешітінің имамы Ғанибек Қожанапес №4ші Әуезов атындағы орта мектептің бастауыш сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Имам бүлдіршіндерге әуелі еліміздің әнұранын айтқызды. Балалар мүдірместен айтып бергеннен кейін имам балаларға «жақсы адам және жаман адам кім?» деген сұрақ қойды. Оқушылардың берген жауабынан кейін имам балаларға жақсы адам болу үшін бір Аллаға

Жуырда Атырау облысы, Жылой ауданы, Қаратон елді мекенінде орналасқан №23 ші орта мектебінде «Ислам - ізгілікке бастайтын дін» атты тақырыпта жоғары сынып оқушыларына арналған кездесу өтті. Оған Қаратон елді мекеніндегі Нұр Сатыбалды мешітінің имамы Жалғас Рейимов, Тұрғызба ауылының мешіт имамы Қожанапес Ғанибек және 9-10-шы сынып оқушыларымен сынып жетекшілері қатысты. Жиын басында сөз алған Тұрғызба ауыл мешіт имамы оқушыларға: Ислам оқу білімге зор көңіл бөлетін дін,

Қаһарлы қыстан қысылып шыққан ел-жұртының көктем келісімен жадырап сала берген табиғат мінезін күткеніне көп болып еді. Мейірімді анадай жылуын төккен күннің көзі кешелі бері күлімдеп-ақ тұр. Көктем келіп, көңіл-күй де көтеріңкі болып кеткендей...



5-наурыз күні Атырау облысы Жылыой ауданы Жаңа-Қаратон поселкесі №23-ші жалпы орта білім беретін мектепте облыс аралық Тұлғаны дамытудың маңызды факторы "Дінтану негіздері" пәнін оқыту процесінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру атты семинар болып өтті.
Семинарға қатысушылар Атырау облысы дін-істер басқармасы ақпарат талдау орталығы камуналдық мекемесінің бөлім маманы, Оразов Амангелді



4 наурыз күні Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қала-сындағы №13-ші жалпы орта білім беретін мектептің ұйымдастыруы-мен «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге аудандық мешіттің имамы Арман Исаев, Жылыой ауданы прокурорының маңызды істер бойынша көмекшісі К.А.Ануарбекұлы, жергілікті БАҚ-ның өкілдері, мектеп ұжымы және 8-11 аралығындағы сынып оқушылары қатысты. Шара аталмыш мектептегі жас буынды имандылыққа тәрбиелеу, дін жолында дұрыс бағыт көрсету, жастар арасындағы заңнамаларды түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.