Сайт мәзірлері
Мақалалар
Сауалнама

Қай елді мекеннен боласыз?
Құлсары
Жаңа Қаратон
Шоқпартоғай
Тұрғызба
Қосшағыл
Жаңа Таң
Атырау
басқасы
ONLINE ҚҰРАН
  


ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ ОРАЗА ҰСТАУ МЕН НАМАЗ ОҚУ УАҚЫТЫНЫҢ КЕСТЕСІ



Рамазан айының реті

Апта күндерi

Маусым және Шілде айы

Таң намазы

Күннiң шығуы

Бесiн намазы

Екiнтi намазы

Ақшам намазы (ауыз ашар)

Құптан намазы



ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлының бастамасымен облыс көлемінде біршама игі істер жүзеге асуда. 11 ай күттіріп келе жатқан, есігімізден енгелі тұрған айлардың сұлтаны Рамазанды ерекше етіп өткізуді, қасиетті айдың мол сауабынан қапы қалмауды мақсат еткен, жамағат үшін пайдалы шаралар осы айда Алланың қалауымен атқарылмақ. Бас имам Б.Мансұровтың мұрындық болуымен, Атырау облысы Дін Істері Басқармасы мен облыстық «Қазақстан Атырау» телеарнасының қолдауымен «Иман нұры» бағдарламасы отыз күн бойына тікелей эфирде көрермендер назарына ұсынылмақ.

Қазіргі таңда кейбір топтар «тарауих намазын жиырма рәкат оқу дұрыс емес, Алла елшісі тарауих намазын сегіз рәкаттан артық оқымаған» деген пікірді ел арасында жайып жүр. Тіпті, абақтыда отырған намаз оқитындардың арасында осы үшін үлкен тартыс болған көрінеді. Тарауих намазы жиырма рәкат па, жоқ әлде сегіз рәкат па? Осыны шариғат тұрғысынан талдап берсеңіздер?
Пайғамбарымыз (с.а.у) тарауих намазын кей күндері мешітте жамағатпен оқыған. Бірақ ешбір сахих хадисте тарауих намазының нақты рәкат саны айтылмаған. Омардың (р.а.) заманында отыз күн оразада тарауих намазын мешітте жамағатпен оқу бір жүйеге келтіріліп, жиырма рәкат оқылды. Сол күннен


Ассаламу алейкум!
Емізулі балам бар, ораза ұстауым керек пе? Ұстамасам кейін қазасын өтеуім тиіс пе әлде оразадан толықтай босатыламын ма? Тағы бір сұрағым жүктілік кезінде ұстамаған ораза қазасын тұту міндет пе? Утегенова Зульфия
Уа алейкум ассалам!
Құран Кәрімде: «...Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде төлер...[1]», – деп әмір етілген. Аурудың жеңіл және ауыр түрі бар. Бас, тіс және қол секілді аурулар оразада қиындық тудырмағандықтан мұндай науқас ораза тұтады. Ал, жүктілік, бала емізу сияқты денсаулыққа күтім қажет ететін жағдайларда оразаны ашуға шариғат рұқсат береді.


Ассаламу алейкум!
Жұмыс орнынан жеке шаруа үшін көрсетілген уақыттан алдын кетуге бола ма? Бұл мәселеде рамазан айында жеңілдік бар ма? Жасұлан
Уа алейкум ассалам!
Ислам діні жұмысты аманат деп таниды. Ал, адам өзіне жүктелген аманатқа жауапкершілікпен қарауға міндетті. Әйтпеген жағдайда аманатқа қиянат еткен болады. Бұл жөнінде Құран Кәрімде: «Негізінен

Ассаламу алейкум!
Оразада тісті мисуак және тіс пастасымен жууға болады ма? Ауыз бекіткен адам қан алдырса оразасы бұзылады ма? Абзал
Уа алейкум ассалам!
Ораза тұтушыға ауыз қуысын, тісін және тілін тазалау үшін мисуак пайдалануына болады. Әсіресе, таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейін және ауыз иісі бұзылғанда пайдалану – мұстахаб, құптарлық іс. Имам Шафиғи «Ораза тұтушының ауыз иісі Алла тағала құзырында мисктен де ұнамды» деген хадисті негізге