» » Періштелердің өзі салауат айтқанда, біз неге сараңдық жасаймыз?!

Сайт мәзірлері
Мақалалар
Сауалнама

Қай елді мекеннен боласыз?
Құлсары
Жаңа Қаратон
Шоқпартоғай
Тұрғызба
Қосшағыл
Жаңа Таң
Атырау
басқасы
ONLINE ҚҰРАН
  


0

Періштелердің өзі салауат айтқанда, біз неге сараңдық жасаймыз?!

Авторы: Имамкатегориясы: Жаңалықтаруақыты: 12-12-2018, 21:57
Мұсылман үмметінің қуана қарсы алар мерекесі – Мәуліт айы мейрамына Алла нәсіп етіп биыл тағы қауыштық.

Бұл мереке, яғни Пайғамбарымыздың ﷺ дүниеге келуі – мұсылмандар үшін ұланасыр мейрам, қуанышты оқиға. Ия, өте үлкен мереке. Басқаша болуы да мүмкін емес. Себебі дәл осы Мәуліт айында Алла Тағала адамзатқа ең ұлы нығметін ﷺ жіберді. Бұл нығметті адамзат үшін мейірім етті. Алла Тағала Құранда:

وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلاّ رَحْمَةً لِّلْعَالَمِينَ

«Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік»[1], – деп баяндады бұл нығметін.
Сонымен қатар, Пайғамбар ﷺ ізінен ерген үмметі өзге үмметтердің алдында үлкен абыройға бөленіп, қайырлы үммет атанды. Алла Тағала бұл нығметті Құранда:

كُنْتُمْ خَيْرَ أمّة أُخْرِجَتْ للنْاسِ

«Сендер адам баласы үшін қайырлы бір үммет болып таңдалдыңдар»,[2] – деп көрсеткен.
Үммет бұл абыройға Пайғамбарсыз ﷺ әсте қол жеткізе алмас-ты. Бұл ақиқатты Алла Тағала Құранда:

لَقَدْ مَنَّ اللهُ عَلىْ المُؤْمِنيْنَ إذْ بَعَثَ فِيِهِمْ رَسُولاً مِنْهُمْ يَتْلوُ عَلَيْهِمْ آيْاتِهِ وَيُزَكّيهِمْ

«Расында, Алла мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен, оларға Алла аятын оқитын, оларды тазартатын Елші жіберді»[3], – деп баяндаған.
Сонымен қатар, Пайғамбардың ﷺ бар болуы – үмметінің азапқа ұшырамауына кепіл. Алла Тағала бұл туралы Құранда:

وَمَا كَانَ اللَّهُ لِيُعَذِّبَهُمْ وَأَنْتَ فِيهِمْ

«Негізінде, Алла Сен олардың ішінде болғанда, оларды азаптамайды»[4], – дейді.
Міне, осылайша Пайғамбардың ﷺ өмірге келуімен жер мен көктің арасы нұрға бөленіп, пайғамбарлықтың келуімен төрткүл дүние тура жолдың нұрына шомды.

Оның ﷺ дүниеге келуі Кисраның тағын шайқап, мәжусилердің мың жыл өшпеген оттарын сөндірді.

Пайғамбардың ﷺ өмірге келуіне қуанбау мүмкін бе?! Ол ﷺ – адамзаттың мырзасы. Оның ﷺ сүннетіне еру – Аллаға деген махаббаттың көрінісі. Алла Тағала бұл туралы былай сүйіншілейді:

قُلْ إنْ كُنْتُمْ تُحِبّوُنَ اللهَ فاتبعوني يُحْبِبْكُمْ اللهُ وَيَغْفِرْ لَكُمْ

«Оларға: «Егер Алланы сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Алла сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды», – де».[5]
Мұхаммад ﷺ – ұлы пайғамбар. Оған бағыну – Аллаға бағыну. Алла Тағала айтады:

مَنْ يُطِعِ الرَسُوُلَ فَقَدْ أَطاعَ اَللهْ

«Кім пайғамбарға бағынса, расында Аллаға бағынған болады»[6].
Пайғамбарды ﷺ жақсы көрмеген адамның иманы кәміл бола алмайды. Бұған қатысты сахих хадисте Пайғамбарымыз ﷺ:

لا يُؤْمِنُ أحَدُكُمْ حَتّىّ أكوُنَ أحَبُّ إليْهِ مِنْ وَلَدِهِ وَوَالِدهِ وَالناسِ أَجْمَعيْن

«Кімде-кім мені баласынан, әкесінен және жалпы адамдардың бәрінен артық жақсы көрмейінше, толық иман еткен болмайды»[7], – дейді.
Міне, бұл – Мұхаммед ﷺ! Оның ﷺ өмірге келуі бүкіл әлемді нұрға бөлеген. Оның дүниеге келуі – үммет үшін үлкен қуаныш. Алла Тағала Пайғамбарымыздың ﷺ орнын Құранда мына аятпен көрсетеді:

إنَّ اللهَ وَمَلائِكتَهُ يُصَلّوُنَ عَلىْ النَبِيّ

«Расында, Алла Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады»[8].
Ендеше, пайғамбарымыздың ﷺ құрметіне біз де салауат айтайық, себебі Алла Тағала бізге:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا صَلُّوا عَلَيْهِ وَسَلِّمُوا تَسْلِيمًا

«Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер»[9], – деп бұйырған.
Сондай-ақ, Алла Елшісі ﷺ өзінің бір хадисінде:

البخيل من ذكرت عنده فلم يصل عليَّ

«Сараң адам – менің атым атылғанда, маған салауат айтпаған адам»,[10] – деген екен.
Ендеше, күллі ғалам рақым нұрына шомылып, періштелердің өзі салауат жолдап жатқанда, мерейлі Мәуліт айтында біз де сүйікті Пайғамбарымызға ﷺ салауат айтып, «сараңдардың» қатарынан болудан сақтанайық!

Аллаһумма салли уа саллим ъала сайидина Мухаммадин уа ъала алиһи уа асхабихи уа мән табиъаһум би ихсанин илә яумид-дин.

Уа, Алла! Мырзамыз Мұхаммедке, оның отбасына, сахабаларына және қияметке дейінгі соңынан ергендерге сәлемің мен игілігіңді жаудырғайсың!
Қапан қажы мешітінің имамы Ж.Ыбыраш dle 10.2 скачать , Быстрый торрент трекер КиноСвин рунета

Тегтер:

Другие новости по теме:

    
  • Мұхаммет пайғамбар/с.ғ.с/ туған күні –Мәуліт айы басталдыБүгін, 1-ші желтоқсан барша мұсылман қауымына қасиетті Мәуліт айы енді. Бұл Алланың елшісі Мұхаммед пайғамбардың туған айы. Мәуліт мұсылман елдерінде халықтық мереке ретінде атап өтіледі. Екі дүние
  • 
  • Пайғамбарға деген сүйіспеншілікПайғамбарлар Аллаһ Тағаланың таңдаулы құлдары. Аллаһ оларды адамдардың арасынан таңдап, әрбір кезеңдегі адамдарға тура жол көрсетуші ретінде жіберген. Олардың саны Аллаһқа ғана мәлім. Яғни Құранда
  • 
  • Аллаһ Тағаланы еске алу!«Бисмилләһир Рахманир Рохим»! Аллаһ Тағаланы еске алудың Адам баласының жаратылысына ұмыту тән нәрсе. Егер біз Аллаһ-Тағаланы еске алуды ұмытсақ, осы дүниенің әртүрлі, қызылды-жасылды
  • 
  • Салауат айту — уайым мен қайғыдан арылтады.Мұсылманның ең үлкен тілегі, қалауы – Қиямет күнінде Мұхаммед Пайғамбармен бірге болу. Оның қасынан артық әрі лайықты орын жоқ. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Салауатты көп айтқан адам Қиямет күнінде маған
  • 
  • Мәуліт түніӘлемдегі барлық адамдарға пайғамбар ретінде жіберілген, пайғамбарлардың ең соңғысы және ең үстемі Мұхаммед (с.ғ.с.) 571 жылы сәуірдің 20-на сай келген Рабиул-әууәл айының 12-сі дүйсенбі күні, түнде,
Құрметті сайт тұтынушысы, Сіз сайтқа қонақ ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге сайтқа тіркелуіңізді сұраймыз немесе өз логиныңызбен кіріңіз.

Информация
Комментировать статьи на нашем сайте возможно только в течении 20 дней со дня публикации.