» » Қосшағыл ауыл мешітіне 20 жыл

Сайт мәзірлері
Мақалалар
Сауалнама

Қай елді мекеннен боласыз?
Құлсары
Жаңа Қаратон
Шоқпартоғай
Тұрғызба
Қосшағыл
Жаңа Таң
Атырау
басқасы
ONLINE ҚҰРАН
  


0

Қосшағыл ауыл мешітіне 20 жыл

Авторы: Имамкатегориясы: Жаңалықтаруақыты: 18-11-2018, 21:01
Қосшағыл ауыл мешітіне 20 жыл
Қосшағыл ауыл мешітіне 20 жыл

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл елді мекеніндегі «Қосшағыл» мешітінің 20 жылдық мерей тойы атап өтілді. Оған ауыл тұрғындарымен бірге облыс, аудан, еліміздің түкпір түкпірінен келген қонақтар қатысты. Бұл мешіт үйінің құрылысы 1995 жылы басталып, 1998 жылы 30 қазанда ашылған. Мешіт үйін салуды мақсат еткен ауыл тұрғыны Теңел қажы Айдарбекұлы өз қаржысымен бастаған. Міне осы имандылық ордасының 20 жылдық асына іс-шаралар ұйымдастырылды. ҚМДБ- ның Атырау облысының өкілі «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы игі мерекеге өз құттықтау сөзінде осындай мешіт салып, елдің игілігіне берген азаматтарға өз ризашылығын білдірді.
-Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болған.Мешітке келген жамағат – Алланың қонағы. Олай болса, ме¬шіт¬теріміздің мұсылман жамағатқа толуы еліміздің мерейін, берекесін арттырар амалдардан болып табылатынын ескере жүргеніміз абзал,-деп әсерлі уағызын айтты.
Жыл сайын Ислам дініне бет қойған жұршылықтың қатары көбеюіне байланысты, намазхана бөлмелері кеңейтіліп, 120 кісілік ас үйі тұрғызылды. Облысқа белгілі кәсіпкер Төкен қажы Танаұлымен Атырау облысының өкілі «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы осы жаңа ас үйдің лентасын қиды. Мерекеге орай құран жарысы, ұлттық ойындар, спорттық шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік шараға арнайы келген ақын Жәкен Омаров пен Сырымбек Сәрсенбаевтың айтысын көрермен қызыға тамашалады. Кеш соңында ауыл тұрғындарымен келген қонақтарға ас беріліп, Құран бағышталды. Жамағат Алла үйінің ісіне береке тілеп, игі ниетпен тарқасты.
Жылыой аудандық Мұсылмандар
мешітінің баспасөз қызметі dle 10.2 скачать , Быстрый торрент трекер КиноСвин рунета

Тегтер:

Другие новости по теме:

    
  • Құлсарыда қосымша мешіт ғимараты ашылдыҚұлсары қаласы Атырау облыс орталығынан 200 шақырымдай қашық орналасқан қала. Халық саны мен экономикасы дамып келе жатқан аймақ. 1995 жылы қала орталығынан мешіт салынып ел игілігіне берілген
  • 
  • Жылдық жоспар талқыландыЖылыой имамдарының жылдағы қалыптасқан дағдысы бойынша жыл басында бас қосып, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы тапсырған бұйрықтар мен
  • 
  • "Құспан молла" мешітінің 60 жылдығы аталды27-қараша күні Атырау жерінде асыл дінімізді насихаттап, бүгінгі ұрпаққа имани тәрбиелік із қалдырған Құспан атаның игі істерін еске алу мақсатында және сол кісінің атындағы "Құспан молла" мешітінің
  • 
  • Ұлық мереке халықтық мейрамға айналдыАтырау халқы да қасиетті құрбан айт күні ертемен мешітке бет алып, айт намазына асыға түсті. Міне, ақ ниетті ағайынның молдығынан қала мешіттерінде ине шаншар орын болмады. Орталық «Иманғали»
  • 
  • Құрбан айтқа дайындық пысықталдыКүллі мұсылманның асыға күтетін қасиетті Құрбан айт мерекесі жақын қалды. Бұл мерекеге тыңғылықты дайындалуды ҚМДБ-ның Атырау облысының өкіл имамы Батыржан қажы Берденұлы тапсырған болатын. Жылыой
Құрметті сайт тұтынушысы, Сіз сайтқа қонақ ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге сайтқа тіркелуіңізді сұраймыз немесе өз логиныңызбен кіріңіз.

Информация
Комментировать статьи на нашем сайте возможно только в течении 20 дней со дня публикации.