» Материалы за Июль 2015 года

Сайт мәзірлері
Мақалалар
Сауалнама

Қай елді мекеннен боласыз?
Құлсары
Жаңа Қаратон
Шоқпартоғай
Тұрғызба
Қосшағыл
Жаңа Таң
Атырау
басқасы
ONLINE ҚҰРАН
  


0
СЕН КІМГЕ ЕРЕСІҢ: Мухаммедке ﷺ ме, әлде, Әбу Ханифаға ма?

Біз қазіргі күнде «Сен неге имам Абу Ханифаға, имам Мәликке немесе имам Шафиғиге және т.б. (рахимаһумуллаһ) ересің? Біз, негізінде, пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ еруіміз керек емес пе?» деген сұраққа жиі тап боламыз.
Менің қымбатты ұстазым, мухаддис, шейх Мухаммад Аууама (Алла оны қорғауына алсын, денін сау етсін және біздерге әлі де ол кісіден пайда алуымызды тоқтатпасын) былай деп жазады:



0
Шәууәл оразасының құрметіне дастархан жайылды

Пайғамбарымыз (ﷺ): «Кімде-кім Рамазанды оразамен өткізіп, бұдан кейінгі Шәууәл айында алты күн ораза ұстаса, жыл бойы ораза ұстағанмен бірдей»,-дейді. Бұл ораза сауабының бір жылға пара-пар келуін былайша түсінуге болады. Алла Тағала Құран Кәрімде:



0
Судың ойлау қабілетін жақсартатын қасиеттері бар

Су – адам өмірінің ажырамас бөлігі. Денедегі сұйықтықтың мөлшерін сақтау үшін адам күніне 2 литр су ішу керек. Бұл – су туралы біз білетін қағидалардың бірі ғана. Ал, Батыс ғалымдары суды тағы бір қырынан танығандығын айтып отыр. Олар судың адамның ойлау қабілетіне тигізетін игі әсерін қарапайым тәжірибемен дәлелдеді. Ендеше, тәжірибе қорытындыларына назар аударайық.





0
Сахаба Мұғаздың (р.а.) ең соңғы сыры

Әнас ибн Мәлик (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Муғазды түйесіне мінгестіріп алған еді. Жол жөнекей: «Әй, Муғаз!» - деп үш қайтара атын атады. Мұғаз өз кезегінде: «Ләббәйк, уа, Алланың елшісі! Әміріңізге құлдық», - деп, аты аталған сайын елпілдеп жауап қатып отырды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алланың

0
ҚМДБ: Қарттар үйінде де қажы бар

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен биыл Алматы қаласындағы Қарттар үйінен Айымторы Каспиқызы кіші қажылығын өтеп келді. Жуырда қажылық сапардан оралған Айымторы Каспиқызы Бас мүфтидің қабылдауында болды.



0
Адамның әлсіз тұстары

Адам – қыр сыры ашылып бітпеген жұмбақ жаратылыс. Ал өмір – адамның өзін-өзі танып білуге берілген мүмкіндік. Мұқият қарасақ, пенденің бойынан екі түрлі нышан байқаймыз. Олардың бірі хош иісті гүлге, екіншісі тікенді арамшөпке ұқсайды. Олардың қайсысын өсіреміз десек те еркімізде: иманды, турашыл, намысқой, әділ т.б. жақсы қасиеттерге ие болу арқылы жақсы жағымызды, бұзақылық, бүлікшілдік,

0
SMS-пен жазып жіберген «Талақ» сөзінің үкімі қандай?

SMS арқылы жіберілген «талақ» сөзінінің үкімін айтылуына қарай үш түрге бөліп қарастыруға болады:
1.Үшінші жақты білдіретін сөздерді қолдана отырып, «талақ» сөзін жазып жіберген болса, бұл кезде жолдаушының (ері) ниеті қарастырылады. Әйелінен ажырасу ниетімен жазған жағдайда «кіші байын талақ» үкімін алады. Ал, ажырасу ниетінде жазбаған болса, талақ болып саналмайды. Мысалы, «Пәленше есімді әйел талақ етілді» деген сияқты.



0
«Мынаның сәждеде көп жатуын қарашы...»

Бір күні мешітке бір кісі намаз оқуға кіреді. Үстінен жұпар иіс шығып, әдеміленгені көрініп тұр. Екі ракағат намазын оқуға кірісіп, алдыңғы қатарға тұрады. Сонда артқы жақтан:
- Мынау әлгі бұзақы емес пе? Намаз оқып қапты ғой өзі, - десе, енді біреуі:


Кері Алға