» Материалы за Август 2014 года

Сайт мәзірлері
Мақалалар
Сауалнама

Қай елді мекеннен боласыз?
Құлсары
Жаңа Қаратон
Шоқпартоғай
Тұрғызба
Қосшағыл
Жаңа Таң
Атырау
басқасы
ONLINE ҚҰРАН
  


Пайғамбарымыздың (с.а.с.) христиандарға жазған хаты табылды!

Синай түбегіндегі бір шіркеуден екі әлем сардары Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) христиандарға жазған хаты табылды. 620 жылы жазылған бұл хатты христиандардың қолына сахаба Әли ибн Әбу Тәліп табыс еткен екен. Баға жетпес осынау жәдігерде христиандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, наным-сенім бостандығына қол сұқпау т.б. қадау-қадау мәселелер қозғалған, деп хабарлайды Islam.kz.
Осы мәселелерге қатысты мұсылмандардың міндеттері мен жауапкершілігі де айтылған. Жәдігердің шынайылығы Османлы сұлтаны бірінші Сәлімнің тұсында расталған. Қолжазба сол уақытта Константинополь қаласындағы кітап сақтау қоймасында болған екен.



Намазды тастап кеткеннің үкімі қандай?

Әссәләмуғалейкум! Намаз оқып, кейін тастап кететіндер болады. Шариғатта осының үкімі қалай? Жанайдар
Уағалейкумсалам! Құрметті Жанайдар, намазды тастап қою, дінімізде, ауыр күнә. Оның күнәсі жайында баян еткен Пайғамбарымыздың бірнеше асыл сөзі бар. Атап айтсақ, Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахаба Муғаз ибн Жәбәлға былай дейді:
من ترك الصلاة متعمدا فقد برئت منه ذمة الله
«Кім намазды әдейі тастап кеткен болса, онда Алланың панасы одан ұзақтайды»[1].



0
Жанға – жігер, дінге – демеу

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ
Тағылымды толғаныс
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Киелі мекеніміз, қасиет қонған жеріміз Ұлытаудағы Елбасының ұлт туралы, дін, тіл жайлы ұлағатты сұхбатынан дін өкілдері де, имам-молдалар да мол тағылым алды. Жанға – жігер, көңілге – демеу сыйлаған салиқалы әңгімеде елдегі және әлемдегі діни ахуал туралы парасатты пікір айтылды. Президентіміздің Ұлытау төріндегі толғанысы жамағатты ізгілікке, бірлікке, игілікке үндеді.



Ассаламу алейкум!
Мен сияқты көптеген жастар алыс және жақын шет елдерде білім алады. Білім жолында көптеген қиыншылықтар кездесетіні белгілі. Солардың бірі тағам мәселесіне қатысты. Қазақ болған соң, етсіз болмайды. Менің базар және дүкендерден ет алуым дұрыс па? Бекмұрат
Уа алейкум ассалам!
Ет өніміне қатысты қойылатын талаптар төменгідей:
1.Тек қана түйе, жылқы, қара мал, қой-ешкі және сол сияқты т.б. жануарлар мен тауық, қаз және үйрек сияқты құс еттері ғана адал;



Ассаламу алейкум!
Әзіл-қалжың немесе ойын болсын деп достар бірін-бірі қорқытып жатады. Тіпті, қазір ғаламторда әзіл етеміз деп, адамның жанын ұшырардай етіп қалжыңдап жатқан бейне роликтер өте көп. Шариғат қалжыңның осы түріне қалай қарайды?
Уа алейкум ассалам!
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл жөнінде: «Кімде-кім бауырына өткір затты кезенсе, затын тастамайынша оған періштелер қарғыс айтады. Тіпті, ол бір әке, бір анадан туған бауыр болса да[1]»,-деп айтқан.
Бұл хадисті имам Науаи: «Хадисте мұсылманның қадір-қасиеті ерекше ескерілуде. Және мұсылманды

0
  Балдың емдік қасиеті жайлы не айтылған?

Ассаламу алейкум!
Хадистерде балмен емделу жайлы не жазылғанын айтып беруіңізді сұраймын. Алдын ала рахмет, Жақсылық.
Уа алейкум ассалам!
Жабир бин Абдулла (р.а.): «Әрбір дерттің дауасы бар. Егер ем дертке дәл тисе, Алла Тағала қалауымен шипа табады[1]»,-деген хадис риуаят еткен.


Жылыойдағы «Мектепке жол» акциясы

27 тамыз күні әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер, мүмкіндігі шектеулі балаларды қамтыған мектеп оқушыларына уақытында материалдық қолдау көрсету, жаңа оқу жылына дайындықтарын жеңілдету мақсатында Жылыой ауданы «Жылыой мұсылмандар» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өткізілді.


Панасыз қалған жанұяға жамағат тарапынан қолдау көрсетілді

Жақында қала тұрғыны Е.Мухиядиновтың пәтері өртке оранып, аяқ астынан бір жанұя баспанасыз қалды. Оқиға орнында болып мән-жайды анықтаған Аудандық төтенше жағдай бөлімінің бастығының уақытша міндетін атқарушы Өртке қарсы қызмет майоры Н.Утешовтың берген анықтамасы бойынша өрт салдарынан пәтер толықтай жойылған. Аталған жанұяға алғашқы болып аудандық орталық мешіттің бас имамы Арман Исаев және мешіт қызметкерлері қолдау көрсетті.



 Дәрет алудың біз біле бермейтін сырлары

Қытай медицинасына сүйенсек, адамның бойында 700-ден астам биологиялық белсенді нүктелер бар екен. Ал, бұл нүктелердің 66-сы болса өте күшті әрі әсерлі нүктелер көрінеді. Ең қызығы, бұл нүктелердің 61-і мұсылмандардың дәрет алғанда жуатын дене аймақтарында орналасқан екен. Қалған бес нүктесі аяқтың тобық пен тізенің арасындағы бөлігінден орын тепкен. Демек, мұсылман баласы дәрет алғанда өте әсерлі 61 биологиялық белсенді нүктеге температуралық және физикалық әсер етумен қатар гидромассаж да жасайды екен.





Ассаламу алейкум!
Жұма намазына барар алдын жуыну керек деп жатады. Дінде ешбір амал жайдан-жай жасалмайтынын да естігенмін. Сұрағым, жұма намазға ғұсыл құйынып барудың сыры не?




Кері Алға